РАМАЗАН – ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАТЫН АЙ!

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қадірлі бауырларым, ауылдастарым!
Баршаңызды Оразаға аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын! Әр отбасына амандық, бақыт пен береке тілеймін! Жаратушы Алла жар болсын!
Біздің халқымыз ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беріп, құрмет көрсеткен. Міне бүгін Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы 1982 дүние есігін ашқан жастарымыз 180 ауызы ораза ауыл тұрғындарына ауыз ашар ұйымдастырды. 
"Қапан қажы "мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жамағатқа- "Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Оразада әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылады. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...» – деп оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған.
Ал ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис-шарифінде: «Адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», – деп үмбетіне сүйінші хабар береді. 
Құрметті жамағат!
Рамазан айы құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әумин!