"Жастар жылы"

"Жастар жылы" қарсаңында жастардың ықыласы артып, ораза айының қадір-қасиетін түсіне, жарыса ауызашар беруде.Пайғамбарымыз Мұхаммед/с.ғ.с/Хадисінде ас беру өте сауапты амал делінген. Әсіресе ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы мыңдаған есе артады. Ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады - делінген. 
Қасиетті Рамазан айында 18.05.2019 Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы 1992 жылғы өмір есігін ашқан іні-қарындастарымыз 170-ге жуық ауыл тұрғындарына ауыз ашар ұйымдастырып, барша жамағатпен бір дастарxан басында қауышып, Алла тағаладан еліміздің бейбітшілігін, xалқымыздың амандығын тіледік . "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жамағатқа тартымды уағыздарын айтып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, мешіт жамағаты атынан сыйлықтар тарту етілді. Алла тағала сауаптан жазсын!
Алла тағала ауылымыздың ынтымақ-ауызбіршілігін арттыра түссін, әрбір шаңыраққа иман байлығы мен адал рызық-несібесіне берекет берсін. Әмин!!!
Ауызашар соңында Құран аяты бағышталып, Құлымжан ақсақал батасын берді .