Қасиетті Ораза айт намазы

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы " мешітінде Қасиетті Ораза айт намазын оқып,сыртқа кішкене бүлдіршіндерге Батут қойылып, жамағат арасында қол күресі, арқан тартыс, барлық мешітке келген балдарға тәтті кәмпит, мароженный т. б сыйлықтар табысталып, "Қапан қажы " мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеуұлы батасын беріп мешітке келген ауыл тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады.! Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тілектерімізді, қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарымызды, берген зекет пен пітір садақаларымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай!
Әрбір отбасына амандық, жақсылық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін! Раббымыз баршамызды осы жылғы рамазаннан келесі жылғы рамазанға дейін аман-есен жеткізе берсін! Осы шараларды ұйымдастыруға ұйтқы болған жамағаттарыма Алла разы болсын!