Ораза айт мерекесі

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы"Қапан қажы "мешітінің жамағаты отыз күн Оразаның сауабынан үлесімізді алып, Алланың рахымынан үміт етіп Ораза айт мерекесіне де келіп жеттік. Осы бір дініміздің рәмізінен болған айт мерекесін пайдалана отырып, сізді ұлық мерекемен құттықтаймын.Мешіт алдына балдарға тегін батут орнатқан Нұрсұлтан,Қуандық,"Қапан қажы " мешітінің жастар секторының басшысы Манарбек және мешіт жамағатына ризашылығымды білдіріп, Алла тағала ораза, ғибадаттарыңызды қабыл етіп, екі дүниеде мәртебелеріңізді биік етсін. Ізгі арман, мақсаттарыңыз орындалып, келесі рамазанға есен сау жетуді нәсіп етсін. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, бала-шағаңызға салихалы ғұмыр берсін. Алланың рахымы, пайғамбарымыздың шапағаты жаусын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Айт мүбарак болсын! 
Ізгі тілекпен "Қапан қажы " мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы