Арыс жұртшылығының саулығын сұрап дұға жасады

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы, «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш және мешіт жастар жамағаты,Ауыл тұрғындар Қасиетті жұма күні яғни 28.06.2019жылы Жаратушыдан Қазахстанның амандығын, Арыс жұртшылығының саулығын сұрап ауыл сыртына құрбандық шалып,дастархан жайылып "Осындай күрделі шақтарда ауыл ақсақалдары бірлесіп, дұға жасап, Алладан тыныштық,береке,ауызбіршілік тіледі. Еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы ең басты байлығымыз. Біз Арыс халқымен біргеміз және олардың қайғысына ортақпыз. Осындайда тұтас ел болып бірігіп, қиын жағдайда бауырларымызға жан-жақты қолдау білдіруіміз керек. Алла Тағала елімізді тыныштықта сақтағай" деді ауыл ақсақалдара Жақсылық, Құлымжан,Қайырқос т.б. Еске сала кетелік, Арыс қаласындағы әскери полигонда снарядтар жарыла бастады. Қазіргі уақытта қалада төтенше жағдай жарияланып, арыстықтар дереу Шымкент қаласына эвакуацияланды. Алла тағала баршамызға сабырлық нәсіп етсін !