Ізбасар ұлы Құлбатыр

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылында Ізбасар ұлы Құлбатыр Атамызды еске алу кешіне дастархан жайылып ,ауылымыздың тұрғындарымен,тума-туыстарымен кездесу ұйымдастырылды.Осы шараға ұйтқы болған Алматы тұрғыны Аманкелді Құлбатырұлы және Байжанов Болат болатын.Аманкелді ағамыз жиналған жамағатқа қысқаша атамыздың өмір тарихын айтып өтті. «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш «Ынтымақ,бірлік» турасында тартымды уағыздарын айтып, қөкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, Аманкелді ағамызға "Матуриди ақидасы " кітабын сыйға тартты.