" Құрбан айт" мерекесі аталып өтті.

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы "мешітінде, исі мұсылманның ұлық мерекесі" Құрбан айт" мерекесі аталып өтті. Айт мерекесі халқымызды бірлік пен ынтымаққа жұмылдырады. Өкпе мен ренішті кешіруге шақырады. Қазан асылып, ағайын арасында бас қосуға мүмкіндік жасайды. Осынау айт мерекесі"Қапан қажы " мешітінде бір атаның баласындай тойлай алдық. Мешітіміздің қамқоршысы С.Балжігітов мұсылман жұртшылығын айт мерекесімен құттықтады."Құрбан Айт" мерекесін жай ғана атап өтпестен, ақсақалдар мен жамағатқа, ауыл тұрғындарына , бүлдіршіндерге екі Батут қойылып, мешітке дастархан жайылды. Жамағат арасында футболдан, арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күресі сынды спорттық шаралар ұйымдастырылды. 
Қадірлі бауырлар Құрбан айтты өз деңгейінде өткізуге атсалысқан баршаңызға, ауыл тұрғындарына және "Қапан қажы " мешітінің жастар секторының басшысы Қиқов Қуандыққа Жаратқанның жақсылығын тілеймін. Жаратқан Алла айттағы тілек пен ниетіңізді қабыл еткейн. Шалған құрбандығыңызды Ибраһим (а.с.)және Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбардың шалған құрбандығындай қабыл етсін!