Қажылық парызын өтеу

Атырау облысы Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылынан Қажылық парызын өтеу үшін 4 адам,Құлсарыдан 10адам,Қазахстан бойынша Мекке мен Мәдинаға аттанған 3000 отандасымыз толық елге оралды.
Жерлестерімізге 18 қажылық фирмасы қызмет көрсетті. Қазақстан Қажылық миссиясы жанынан құрылған уағыз-насихат, пәтуа, ақпарат, дәрігерлер тобы өзіне жүктелген міндетті атқарған екен.Бүгін Өтегенов Әлім қажы шаңырағында дастархан басында Балжігітов Мейіржан қажымен жақсы сұқбатта болдық."Қапан қажы" мешітінде Аср намазына Балжігітов Бағытжан қажы келіп жамағатқа қажылықтан алған әсерінен уағыз айтты.Алла қажылықтарын қабыл етсін! Әмин.