«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы , Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Бұл шара аясында әлеуметтік Көп балалы,жалғызбасты,аз қамтылған отбасылардан 12 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкелері табысталып, үлестірілді.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне Мұханғалиев Жасұлан,Ержанов Бауыржан,Мейрамбек, «Қапан қажы» мешітінің жастар секторының басшысы Қиқов Қуандық өз үлестерін қосты. 
Бас имамы Жамбыл қажы Демеуұлы , бүлдіршіндерге сыйлықты өз қолымен табыс етті. Білім алудың артықшылығына, аталмыш шараның мән-маңызына тоқталған мешіт имам Жамбыл Ыбыраш жаңа оқу жылына аяқ басқан бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.
Ата-аналар «Қапан қажы» бас имамы Жамбыл Ыбырашқа, бастаған ұйымдастырушыларға жақсы тілектерін білдірді