"Ата-анаға жақсылық істеңдер!"

Құранда «Алла Тағалаға құлшылық етіп, құлшылықтарыңда оған ешнәрсені ортақ етпеңдер! Әрі ата-анаға жақсылық істеңдер!», – деген (ниса сүресі, 36 аят). Ізгі істеріміз бен амалдарымызды қосып, дәстүрімізден сабақ алып, отбасы құндылығын сақтап, ата-анаға, үлкен мен кішіге деген құрметімізді қайта жаңғыртуымыз керек-ақ. «Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің» дейді халқымыз.Ұрпақтары бірігіп Өтеуұлы Табыл және Боханқызы Нәсіпке арнап дастархан жайылды.Кездесуге Ауданымыздың бас имамы Исаеа Арман келіп «Ата-анаға құрмет» турасында және «Қапан қажы» мешітінің имамы Ыбыраш Жамбыл «Мұхаррам айындағы ізгі амалдардың сауабы» тақырыбында тартымды уағыздарын айтты. Атадан балаға қан арқылы дарыған ұлы қасиеттеріміз бен тәлімді тәрбиеміздің маңыздылығын ұғынғанымыз да жөн болар. Әр пенденің кеудесіне нысап, жүрегіне иман ұяласын деп келген жамағатқа Жылыой ақсақалы Жылқыбай ағамыз батасын берді..