«Ата-Анаңа құрмет»

Ата-ана — отбасының басты дәнекері. Бұл күні Атырау облысы,Жылыой ауданы,Құлсарыдан өмірден озған әкесіне арнап Қарақойшыұлы Кенжебайға/1932-1969/ ұрпақтары бірігіп,дастархан жайылып ас берді. Осылайша, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған бір атаның балалары бас қосып, ізгі амалдарын орындады.
Кездесуге «Қапан қажы» мешітінің имамы Ыбыраш Жамбыл «Ата-Анаңа құрмет» тақырыбында тартымды уағыздарын айтты. Атадан балаға қан арқылы дарыған ұлы қасиеттеріміз бен тәлімді тәрбиеміздің маңыздылығын ұғынғанымыз да жөн болар. Әр пенденің кеудесіне нысап, жүрегіне иман ұяласын деп келген жамағатқа Жылыой ақсақалдары батасын берді..