Атырауда медресе салынады

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров мәлімдеді. 


"Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жер учаскесі бар. Сол учаскеге екі қабатты қайырымдылық мекемесін тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Ол мекеме әрі медресенің ролін атқаратын болады. яғни, ұлдарға және қыз балаларға арналған медресенің жобасы бүгінде жасақталып тұр. Алла қаласа 2019 жылдың қыс мезгілінде мекеменің іргетасы қаланады деп күтілуде" деді Бас имам Батыржан Мансұров.