Исатай ауданында имам тағайындалды

Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы Зинеден Құрасұлы мешітіне енді, бұған дейін осы мешіттің наиб имамы қызметінде болған Шалхар Дəулетханұлы жетекшілік етеді.

 

     Жаңа имамды жергілікті жамағатқа орталық "Иманғали" мешітінің наиб имамы Мұрат Ғазизов таныстырды.
     "Мешіттер  - құлшылық үйі, сонымен бірге тəрбие құралы. Асыл дінімізді, ділімізді, дəстүрімізді насихаттауда мешіттердің ролі зор" деген ұстаз Мұрат Ғазизов дін қызметкері Шалхар Дəулетханұлының тəжірибелі маман екендігін атап өтті.

   Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.