«Қапан қажы» мешіті



Атырау облысы , Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында орналасқан. Мешіт құрылысы 2000 жылы басталып, 2002 жылы ашылды. Мешіт салуды Балжігітов Қапан және балдарының қолдауымен өз қаражаттарына салынды.
 Мешіт жерінің жалпы көлемі 0,09 га,151,0м2 , 25 х 36 м ,Ауласының биіктігі 1,7 м –дей темір шарбақпен қоршалған.Мұнарасының биіктігі 12 м,Күмбездің шеңбері 2-3 метр. Дәретханасы бар.Бір мезетте 90 адам ғибадат ете алады. Діни ұйым ретінде тіркелу 10 желтоқсан 2002 жылы Атырау облысының Әділет департаментіне «Қапан қажы» мешіті «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы болып тіркелді. Тіркеу №1598-1915-ф-л,сәйкестендіру № 021241007550.

ЫБЫРАШ ЖАМБЫЛ ДЕМЕУҰЛЫ


21 Шілде 1969 жылы Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылында дүниеге келген.

1986 жылы орта мектепті бітірген.

1986-1993 ж.ж. Татарстан,Қазан қаласындағы химия технологиялық университетінде оқып,инжинер-технолог мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

2002 ж Атырау қаласы «Иманғали» мешітінің жанынан ашылған медресені аяқтап, сол мешітте және қалалық «Құспан молла» мешітінде қызымет жасаған.

2003 ж «Подхоз» СМП 163 «Забия» мұсылмандар мешітінде имам болып қызмет атқарды.

2007 ж 4 айлық имамдардың білімін жетілдіру Алматы Ислам институтында білімін жетілдірді.

2008 ж Алматы Ислам институтын тәмамдаған.

2009 ж «Иманғали» мешітінің ұстаздарының ұйымдастыруымен имамдардың білімін жетілдіру курсында білім алды.

2011 ж Атырау облысы әкім аппараты мемлекеттік қызыметшілерді қайта даярлау және олардың білімдерін арттыру өңірлік орталығында оқыды.

2013 ж Атырау облысындағы ҚМДБ қізметкерлері мен имамдарының біліктілігін арттыру курсын нәтижелі аяқтаған.

2011 ж Туркия мемлекеті, Бурса қаласындағы имамдардың білімін жетілдіру курсын тәмамдаған.

2006 ж Ауыл әкімі С.Таласовтың Алғыс хатымен.

2010 ж Атырау облысы ҚМДБ-ның өкіл имамы Н.Есмағанбетовтың Алғыс хатымен.

2011 жылы ҚМДБ-сы және орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің қолынан Алғыс хатпен.

2012 ж ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы  А.Садиевтің Алғыс хатымен.

2012 ж «Қара арна» селолық округінің әкімі Е.Елеусіновтің Алғыс хатымен.

2013 ж  Жылыой ауданының бас имамы А.Исаевтің Алғыс хатымен марапатталған.

2014 ж Алматы қаласы,2 айлық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында білімін жетілдірді.

2014 ж Атырау облысының әкім аппараты мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау,біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту орталығында «Имамдардың тұлғалық және басқарушылық құзреттілігін дамыту», «Дініміз-Ислам мәзһабымыз Әбу Ханифа жолы», «Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саласының өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілігін арттырды.

2015 ж. Атырау облысының әкім аппараты мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау,біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту орталығында «Діни сенім бостандығы және мемлекеттің зайырлылық қағидаттары» және «Зайырлы мемлекет және дәстүрлі дін»тақырыбында біліктілігін арттырды.

2014-2016 ж Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак»Египет ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» мамандығын үздік тәмәмдаған. 

2016 ж «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдегиеті университетінде өткен Республикалық имамдардың білімін жетілдіру курсына қатысып

72 сағаттық дәріс  оқыды.

2016ж Атырау облысы Дін істері басқармасы және Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекет және дін;зайырлылық ұстаным» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсын оқыды.

2017ж.15-17 мамыр «Атырау облысы Дін істері басқармасы және Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды нығайтудың оңтайлы әдіс-тәсілдері» ,30 қазан-1-ші қараша «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалары мен бағыт-бағдары»тақырыбындағы біліктілік арттыру курсын оқыды.

2018 ж.30-31 Шілде «Атырау облысы Дін істері басқармасы және Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Зайырлылық және дін-біртұтас қоғам» тақырыбындағы мешіт имамдарына арналған біліктілікті арттыру курсына оқыды.

2019 жылы «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтары негіздері»тақырыбындағы имамдарға арналған біліктілік арттыру курсының бағдарламасын нәтижелі аяқтаған..

2006-2010 ж.ж.Аллаһ нәсіп етіп қасиетті Мекке-Мадина қалаларында бесінші парыз қажылықты өтеп қайтты.

2006 ж бастап ҚМДБ-ның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің бұйрығымен Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітіне имам болып тағайындалды.

Отбасылы- екі бала,алты қызы бар.

Мешіт мекен жәйы- Атырау облысы, Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылы.Мешіт тел. 8/71237/2-61-52