«Қосшағыл» мешіті


Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылында орналасқан. Мешіт құрылысы 1995 жылы басталып, 1998 жылы 30 Қазанда ашылды. Мешіт құрылысын салуды ауыл тұрғыны Теңел Айдарбекұлы бастама көтеріп, өз қаржысына және ауыл тұрғындарының әл қадірінше жинаған ақшадан кейбір мекемелердің қол ұшын беруімен салынды.

Мешіт жерінің жалпы көлемі 0,0875га. 25мх35м. Ауласының биіктігі 1,8м-дей темір шарбақпен қоршалған. Ұзындығы – 12 метр, ені – 6 метр, намаз залы – 7,30мх5,50м, имам бөлмесі – 4,30мх2,90м, шешінетін жер – 4,30мх2,90м, сыйымдылығы – 70 кісілік, мешітің биіктігі – 3,75м, күмбезі – 3 метр. Әрқайсысы 1 метрден бұрыштарына құлақ тұрғызылған. Дәретханасы бар. Басқа қосалқы құрылысы жоқ.

МЕШІТ ИМАМЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

Теңел Айдарбекұлы


 Айдарбекұлы Теңел 1960 жылы 14-щі Қарашада Гурьев облысы, Мақат ауданы, Комсомол поселкесінде дүниеге келген.

1978жылы Гурьев облысы Ембі ауданы Сарықамыс орта мектебін аяқтап, 1979 жылы Батыс Қазақстан мұнай айдау мекесесіне жұмысқа орналасып оператор, аға оператор қызметін 2002 жылға дейін бір салада істедім.

1996-1997 жылдары Атырау Мешіт жанынан діни медресе бітірді.

1998 жылдың 30-шы Қазанынан бері Қосшағыл мұсылмандар мешітінде имам болып қызмет атқарып келеді.

2004 жылы сәуір айында Алматы қаласының Діни басқарманың имамдардың білімін тексеру комиссиясынан емтихан тапсырып, сараптаудан өтті.

2007 жылы мұсылманның 5-ші парызы қажылыққа барып келді. 

Отбасылы, бес баласы бар.