
Шоқпартоғайлық мұсылман жамағаты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келген ай – қасиетті Мәуліт мерекесін атап өту шарасымен басталды. Бұл ретте Мәуліт мейрамына орай рухани-танымдық шара ұйымдастырып, айтулы мерекені халыққа кеңінен насихаттады.
Атап айтқанда, Атырау облысы, Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы « Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлының ұйытқы болуымен «Адамзаттың асыл тәжі, уа Расулалла (ﷺ)», «Адамзаттың абзалы» атты Мәуліт мерекесі аталып өтілді. Екі дүние сардарының адамзатқа үлгі болған өнегелі өмір жолын ұлықтаған осынау кешке , «Жылыой мұсылмандары орталық мешітінің» ұстазы Дастан арнайы келіп,