Исламтанушы Мәди Ахмедов Жылыойда жұма намазын жүргізіп, уағыз айтты

14 ақпан, 2020 жыл.    Дәстүрлі исламды насихаттау,  экстремизм мен терроризм идеялары таралуының алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық - насихат тобының мүшесі, Алматы қаласы Алатау ауданының Бас имамы Мәди Ахмедов Атырау өңіріне 

Толығырақ

«Қаралы үйдегі ас мәзірі және жаназа рәсімдері»

«Жылыой орталық мұсылмандар» мешітінен бастама алған «Қаралы үйдегі ас мәзірі және жаназа рәсімдері» атты іс-шара аясында «Қапан қажы» мешітінде алқалы жиын өтті.Жиынға Шоқпартоғай Ақсақалдар төрағасы Махамбетов Жеңіс , «Қапан қажы» мешітінің бас имамы Ж.Ыбыраш, ауыл тұрғындары, мешіт жамағаты қатысты.Жеңіс ағамыз сөз алып:- Жаназа мәселесіне келгенде, әр өңірде

Толығырақ

Діни бірізділік мәселесі талқыланды

Атырау облыстық «Иманғали» мешіттен бастама алған «Қаралы үйдегі ас мәзірі және жаназа рәсімдері» атты іс-шараны аталмыш жиындағы мәселелерді қолдау мақсатында Жылыой аудандық мешітінде алқалы жиын өтті.
Жиынға Атырау қалалық «Құспан Молла» мешітінің бас имамы Э.Ғұмаров, аудан бойынша қызмет атқарып жүрген имам-молдалар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қажылар қауымдастық төрағасы,


Толығырақ

Дін-ол адалдық

Кеше Жылыой аудандық «Жылыой Мұсылмандар» мешітінің бас имамы Арман Әділбекұлының ұйытқы болуымен, аталмыш мешітте кезекті айлық дастархан ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты жиналып уағыз тыңдады.
Берекелі шараға «Иманғали» орталық мешітінің найб имамы, ұстаз Ерболат Боқанов бауырымыз арнайы

Толығырақ

РАВИЛЬ ГАЙНУТДИН ЖАҢА БАС МҮФТИДІ ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7 ақпан, 2020 жыл.   Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын лауазымды қызметке сайлануымен құттықтады. Ол бұл туралы Ресей мүфтилер кеңесінің ресми сайтында жариялады.
 «Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы бауырым! Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесі атынан Өзіңізді жоғары да жауапты қызмет – Қазақстанның Бас мүфтиі болып

Толығырақ

Игі достың қадірі

Ардақты Пайғамбарымыздың(саллаллаху алейхи уәссәләм)бір хадистерінде айтылады екен, кімді бұл дүниеде Алла разылығы үшін жақсы көрсең, о дүниеде Жәннатта сонымен бірге болады екенсің. Бұл дүниеде шынайы түрде жүрегіңмен Алла ризалығы үшін жақсы көретін жандар санаулы-ақ. Сол санаулы абзал жандардың өміріме септігі мол тиді Алланың қалауымен және әлі де болса жақсылықтары тиіп

Толығырақ

Елімізде Бас Мүфти Ауысты

Наурызбай қажы Тағанұлы енді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы болды.
Жаңадан тағайындалған Бас мүфти бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ құрылтайында таныстырылды. Бұған дейін ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болған Наурызбай қажы Тағанұлы енді еліміздің мұсылмандарына рухани ұстаздық ететін болады.
«Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300 делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім

Толығырақ

ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРУ ҮШІН АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ЖИНАЙМЫЗ?

Жылда біз өзіміздің туыстарымызды, достарымызды, әріптестерімізді өмірлеріндегі ең ұлы сапарға - Меккеге, қажылыққа шығарып саламыз. Олардың жүздеріндегі үлкен үміт пен қуанышты көргенде бірге қуанысып, көңіліміз алып ұшып, өзіміз бара алмасақ та, дұғаларымызды жазып беріп, "Менікін оқуды ұмытып кетпеңіз" - деп тапсырып, қайта оралғанда қабыл болған дұғамызды арқалап келетіндей жолдарын асыға күтеміз. Ал өз-өзімізді: "Ештеңе етпейді, Алла қаласа, мен де сол жерге

Толығырақ

Елордада тұңғыш рет медреселер арасында Құран Кәрім жарысы өтті

31 қаңтар, 2020 жыл.  Елордадағы құлшылық ордасы «Ақмешітте» алғаш рет Республикалық медресеаралық Құран Кәрім жарысы өтті.
«Астана» медресесінің ұйымдастыруымен өткен айтулы сайысқа еліміздің 9 медресесінен 18 үміткер қатысты. Сайыс шартына сәйкес шәкірттер «29-30-пара» және «30-пара» аталымы бойынша сынға түсті. ІІ курста тәлім алатын шәкірттер тек 30-пара бойынша сұралса, ал, III курс шәкірттері

Толығырақ