«Қапан қажы» мешітінде Мәуліт өтті.

01 Қараша күні Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінде Мұхаммед/с.ғ.с/ ізгі өмірі зор ықыласпен ұлықталып,Мәуліт  мерекесі ауыл тұрғындарының  белсене қатысуымен аталып  өтілді.

 Мәулітті «Қапан қажы» мешітінің имамы  ұлағатты уағызымен ашты. Бас имамның мағаналы сөзі мен мәнді мысалдарын  ұйып тыңдаған қалың жамағат , жүректеріне иман нәр жинағандай болды.

Мәуліт мерекесін ұйымдастырушы «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеуұлы жиналғандарға мерекелік шараға келген қонақтарды жамағаттқа таныстырып шықты. 

Ауылдың бас имамы мешітке толған жамағатты қасиетті Мәуліт айымен құттықтай отырып; «Мәуліт»-Пайғамбарымыз Мұхамметд Мұстафа/с.ғ.с/ -ның дүние есігін айқара ашып,қараңғы әлемге қуаныш нұрын ала келген күн.Осындай ерекше күнді бүгінде әлем мұсылмандары қуана тойлайды.Пайғамбарымыз/с.ғ.с/-ға сансыз салауат айтатын бұл күн қазақ жеріне де келіп жетті.Соңғы он бес жыл бойы тәуелсіз мемлекетіміз бұл мерекені өз денгейінде тойлап келеді.

Хақтың да,халықтың да ыстық ықыласына бөленген сүйікті елші Мұхаммед/с.ғ.с/ Меккеден Мадинаға көшкен кезде ол -  жұрт қанша күн сарыла жолын тосты. Пайғамбарымыз/с.ғ.с/-ды көргенде сағыныштарын әнге қосып; «Бізге толықсыған ай туды, бұған қалай шүкір етпессің ?» деп тебіренді. Пайғамбарымыз/с.ғ.с/-ды көру үлкен думанды мерекеге ұласты. Сүйікті елшінің Мадина қаласына келуінің өзі үлкен мереке болса, Оның әлемге келуі қалайша қуаныш мереке болмасын десеңізші.Жалалуддин Суюти/р.а/ 1445-1505ж,айтады; «Бір үйде немесе мешітте пайғамбарымызға/с.ғ.с./ мәуліт оқылса, сол үйдің немесе мешіттің адамдарын періштелер орап алады. Олардың барлығына Алланың рахметі болады. Себебі періштелер пайғамбарымызға/с.ғ.с/ мәуліт оқығаны үшін ол адамдарға салауат айтып тұрар»,-дейді.Хасан әл –Басри/р.а/642-728/ айтады; «Менің Ухуд тауындай алтыным болса,оны Расулаланың/с.ғ.с/ мәулітін оқытуға жаратқан болар едім»,-дейді.

Мәуліт мерекесіне арналған салтанатты кешке келген ауыл тұрғындарын Ауыл  ақсақалдары ,мешіт қамқоршысы Балжігітов Мейіржан  құттықтады. Баршаңызды Мұхаммед Пайғамбар/с.ғ.с/-дың дүниеге келген қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтаймын,әрдайым халқымыз аман,еліміз тыныш болсын !»- деген тілегін білдірді.

 «Қапан қажы» мешітінің бас имамы Ж.Ыбыраш  жиналған халыққа «Мәуліт» оқып, осы шараға белсене араласқан жамағаттарға және «Қапан қажы» мешітінің жастар секторының басшысы Қиқов Қуандыққа рахметін айтып,ҚМДБ –ның тарапынан басылып шыққан кітапты тегін тарту етті.