"Рухани жеті қазық"

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі "Иманғали" мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бағдарламамызда қонақ болып, үшінші имамдар форумында қабылданған құжаттардың мәнін "Рухани жеті қазық" тұғырнамасының маңыздылығын жан-жақты түсіндіріп берді. Асыл дініміз бен рухани құндылықтарымыздың сабақтастығын нығайту бағытында насихат жұмыстарының өзекті екендігін атап өтті.