МƏУЛІТ АЙЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МƏУЛІТ АЙЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында Бөлтеков Мұрат шаңырағында Мəуліт айының құрметі үшін,дастархан жайылып өнегелі игі шара ұйымдастырды."Қапан қажы" мешіттің бас имамы Жамбыл Ыбыраш жиналған жамағатты мəуліт аймен құттықтап, "Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып жүрудің артықшылығы" жайында уағыз айтты. Құптан намазынан кейін жамағатқа пайғамбар өмірінен сыр шертетін "Мəуліт шəриф" оқылды. Сонымен қатар, Пайғамбарға деген сүйіспеншілікті арттыратын мəуліт кешінде мешіт жамағаттары имаммен бірге Құран оқып, ел мен жердің
амандығына дұға жасады. Соңынан Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар құрметіне мешіт имамы Жамбыл қажы Демеуұлы Мұрат атамыздың шаңырағына жамағат атынан Құран кəрім т.б.кітаптарды сыйға тартты. Сəндібек Мұрат ұлы имамға шапан жауып құрмет көрсетті.