Отбасы бала тəрбиесі

Атырау облысы, Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы , "Қапан қажы " мешітінің жамағаты Асланбек бауырымыздың шаңырағында "Ақиқа" ұйымдастырылып арнайы дастархан жайып, дәм берді. 
Ауылымызға арнайы қонақ ретінде шақырылған Махамбет ауданының бас имамы Иманғалиев Ержан қажы жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтып, осындай іс шараны ұйымдастырған жамағатқа өз алғысын білдірді. 
Содан кейін " Қапан қажы " мешітіміздің бас имамы Жамбыл Демеуұлы ауызбіршілік, отбасы бала тəрбиесі , мұсылманның сипаты және т.б тақырыптарда уағыз-насихат айтты.