Бас имам Атырау қалалық Құспан молла мешітінің жамағатымен жүздесті


9 қараша, 2019 жыл.
 Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қалалық Құспан молла мешітінде Құптан намазы алдында жамағатпен жүздесіп, уағыз айтты.
 
"Біз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) үмбетіміз деген кезде, бойымыздан үмбетке сай қасиет табылып жатыр ма? Осы мәселеде өте қатты ойлануға тура келеді. Сондықтан да, біздер Құран Кәрімдегі аяттарға сүйене отырып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірін насихаттап, дәріптеуді қолға алып отырмыз. 
Алла Тағала Құранда: "Айт, Мұхммед! Егер, олар шынайы Алла Тағаланы сүйетін болса, жақсы көретін болса, менің соңымнан ерсін" деген. Яғни, біздің амалымыз жүрек тазалығында, иман өлшемінде, сөзімізбен бірге, ісімізде көрінуі керек" деп атап өтті Бас  имам өз сөзінде.