44 кәсіпорынның «Халал Даму» мекемесімен арадағы келісімшарты тоқтады

 ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-нен жыл басынан бері 310 кәсіпорын сертификаттаудан өтті. Алайда түрлі себептерге байланысты жұмысын тоқтатқан мекемелер мен жеке кәсіпкерлер де бар.
Халал стандарт талаптарына сай өнім өндіріп, қызмет көрсететін барлық кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлерге қойылатын талап та, бақылау да бірдей. Ереже де, оның қадағалануы да қатаң. Сондықтан жыл басынан бері халал стандарттау талаптары мен ережелерін сақтамаған, «ҚМДБ халал» стандарты бойынша жұмыс жасаудан бас тартқан, келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін әрі қарай ұзартуға ниет білдірмеген, кәсіпорын басшыларының ауысуы, кейбір дәмхана, асхана, ет дүкені, кондитерлік өнім, қасапхана, шұжық цехы, мал сою цехтарының жабылуы, сатылып кетуі секілді себептермен 44 кәсіпорын «Халал Даму» мекемесімен арадағы келісімшарты тоқтады. Төменде ұсынылған кестедегі кәсіпорындар «ҚМДБ халал өнімдері» тізімнен және бақылауынан шығарылғанын хабарлаймыз.

Айта кетейік, «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған барлық кәсіпорындарға төмендегідей ортақ талаптар қойылады: 
1. «Халал» ережелерін, «Мал бауыздау және ет өңдеу» мен «Тағамға қатысты қызметтер» стандарттарының ережелерін орындау;
2. Халал куәлігінсіз өнімді «ҚМДБ Халал» таңбасымен сатпау;
3. Дайын өнімнің сапасы мен тағамның қауіпсіздігі үшін тұтынушы алдында өзі жауапты болуы;
4. «Халал Даму» тарапынан берілген немесе рұқсат етілген халал сертификаты болмаған қоспаларды пайдаланбау;
5. Өндірілетін өнімнің өндірістік және инспекциялық сараптамасын жасау және тиісті түрде бақылау жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау;
6. «Халал Даму» қызметкерлеріне белгіленген нысандарды кедергісіз тексерулерін қамтамасыз ету;
7. Шикізат пен ингридиеттер ауысатын болса, «Халал Даму» өкіліне хабарлап отыру;
8. Халал өнімдердің «халал» куәлігі мен қосымшасының көшірмесімен қоса бірге болуын қамтамасыз ету;