Қасиетті Құран

Жақында әлемдегі ең көп оқылатын кітаптар тізіміне көз жүгірткен едім, көшті Библия кітабы бастап тұрғанын көріп еріксіз таңдандым...

Ал, Құран Кәрім кітабы ше? Тым құрығанда, ондыққа кірмегені қалай деген сұрақ көкейіме еріксіз ұялады.

Бірақ, асықпай ойлана келе, біраз мұсылмандардың Құран оқи алмайтыны, үйренуге құлықты емесін есіме алдым.

Ислам әлемінде классикалық жеті қырағат болса, ТМД аумағындағы діндарлардың біразы Құранды нео-қырағат - кириллицамен оқып жүргені тағы бар...
Бір досым бар. Намазға жығылғанына бес жылға таяды. Бірақ, әлі күнге деген кириллиционер. Қашан тәжуид үйренесің десем әр түрлі сылтау айтады. Бір күні мына өлеңді [сәл өзгертіп] оқып беріп ем, бір түрлі болып қалды:

"Жүрегіне сіңдірмей иман нұрын,
Игіліксіз ғылымнан жиған білім
Тірісінде оқымаған* аяттарын
Бағыштап жатыр оған имам бүгін.

Не пайда..?"