Бас имам Құрманғазы ауданының әкімімен кездесті

Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барды.
Даңқты күйші атындағы өңірге сапарын Бас имам Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаевпен кездесуден бастады.
Екі жақты кездесу аясында қос тарап елдегі, жергілікті жердегі діни ахуал, мүфтият тарапынан атқарылып жатқан діни ағарту жұмыстары, қоғамдағы тұрақтылықты жетілдірудегі діннің ролі тақырыптарын талқылады.
Және жергілікті жердегі мешіттердің экономикалық, ауыл имамдарының әлеуметтік жағдайы туралы мәселелер де зерделенді. "Бұл сапарды  Құрманғазы ауданы халқымен танысу мақсатындағы шара. Біз жергілікті әкімдікпен бірлесе жұмыс атқаруды мақсат етіп отырмыз" дейді мұнайлы өлкенің Бас имамы   Алтынбек Ұтысханұлы.