Бас имам Құрманғазы ауданының орталық мешітінде "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын насихаттады

Құрманғазы ауданына іс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті Темірәлі мешітіне барды.
Құлшылық үйінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Және атқарылып жатқан жобаларға байланысты тапсырмалар берді.
Кейін Бас имам аталмыш мешітте жергілікті жамағатпен жүздесті. Жүздесу барысында ұстаз ел бірлігі, қоғамдық түрақтылық, жамағат арасындағы ауызбірлік мәселесін көтерді.
Сондай ақ, ұстаз дін мен ділді  сақтауда "Жеті рухани қазық" тұғырнамасының темірқазық бола алатынын айтты. "Тұғырнама мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық" деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.