Қызылқоға: Жамбыл округінде мешіт ашылады

Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы  Жамбыл ауылдық округіне барды. 
Қазіргі таңда аталмыш округте мешіт құрылысы жүріп жатыр. "Мешіт құрылысы бүгінде аяқтала келді. Есігін айқара ашып, халыққа қызмет көрсететін күні де алыс емес. Бүгінгі таңда мешіттің құрылысына қоса, дәретхана құрылысы да бірге жүруде. Біздің мақсатымыз ауылдарымызды неғұрлым көбірек мешітермен қамтамасыз ету" дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы. 
Сапар  аясында Бас имам құрылыс жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.