Бас имам Қызылқоғаға сапары аясында Көздіқара ауылындағы мешітті көрді

Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы  Көздіқара ауылдық округіне арнайы барды.
Басты жаңалық сол - қазіргі уақытта Көздіқара ауылында да мешіт салынып жатыр. "Жоспар бойынша мешіт келер жылдың жазында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұған дейін де ерекше назарда ұстағанымыздай, мешітпен бірге, мұнда қызмет ететін имам үшін қызметтік пәтер де салынады. Осылайша, мешіттеріміздің саны көбейе түседі. Әрі баспана мәселесінің шешілуі - кадр саясатында оң өзгерістер әкеледі" дейді Бас имам.