Бас имам Қызылқоға сапарын Сағыз ауылында қорытындылады

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы  Қызылқоға ауданына жұмыс сапарын Сағыз селосында қорытындылады.
Сағыз ауылындағы жергілікті мешітке барып, құлшылық үйінің тыныс-тіршілігімен танысқан Бас имам, жамағатпен жүздесті.
Кейін жергілікті "Шұғыла" мәдениет үйінде ауыл ақсақалдарымен кездесті. Кездесу барысында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы ІІІ республикалық имамдар форумы кезінде қабылданған құжаттардың маңызы туралы айтты.
"Қазақта "Қарты бардың қазынасы бар" деген керемет тәмсіл текке айтылмаған. Біздің мешіттеріміз дінімізді, ділімізді, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда ақсақалдарымызбен бірлесіп еңбектенетін болады" деп атап өтті өз сөзінде мұнайлы өлкенің Бас имамы  Алтынбек Ұтысханұлы.