Бас имам алқалы жиын өткізді

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Атыраудағы қала және аудан имамдарына жиын өткізді. Жиынға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев арнайы қатысты.
Жиын барысындағы алдағы жылды атқарылатын жұмыстардың жобасы талқыланды. Және имамдарға облыс бойынша атқаратын жұмыстары бойынша міндеттер бекітілді.
«Қоғамда діни ахуал жағдайында ішкі тұрақтылықты және рухани тұтастықты сақтауда имамның қызметі зор. Дерттің алдын алып, қоғам өмірін үйлесімділікке келтіретіндер де имамдар. Сондықтан да, діни лауазымдардың нақты атауын жасау да қажетті мәселелердің бірі» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.