





Мәулітті «Жылыой аудандық мұсылмандары» мешітінің имамы А.Исаев ұлағатты уағызымен ашты. Бас имамның мағыналы сөзі мен мәнді мысалдарын ұйып тыңдаған қалың жамағат , жүректеріне иман нәр жинағандай болды.
Мәуліт мерекесін ұйымдастырушы «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінің имамы Сарсекеев Ажок Саясатұлы және найб имам Реиймов Жалғас жиналғандарға мерекелік шараға келген қонақтарды жамағатқа таныстырып шықты.
Бас имамы Арман қажы мешітке толған жамағатты қасиетті Мәуліт айымен құттықтай отырып; «Мәуліт»-Пайғамбарымыз Мұхамметд Мұстафа/с.ғ.с/ -ның дүние есігін айқара ашып,қараңғы әлемге қуаныш нұрын ала келген күн.Осындай ерекше күнді бүгінде әлем мұсылмандары қуана тойлайды.Пайғамбарымыз/с.ғ.с/-ға сансыз салауат айтатын бұл күн қазақ жеріне де келіп жетті.Соңғы он бес жыл бойы тәуелсіз мемлекетіміз бұл мерекені өз денгейінде тойлап келеді.
Халықтың да ыстық ықыласына бөленген сүйікті елші Мұхаммед/с.ғ.с/ Меккеден Мадинаға көшкен кезде ол - жұрт қанша күн сарыла жолын тосты. Пайғамбарымыз/с.ғ.с/-ды көргенде сағыныштарын әнге қосып; «Бізге толықсыған ай туды, бұған қалай шүкір етпессің ?» деп тебіренді. Пайғамбарымыз/с.ғ.с/-ды көру үлкен думанды мерекеге ұласты. Сүйікті елшінің Мадина қаласына келуінің өзі үлкен мереке болса, Оның әлемге келуі қалайша қуаныш мереке болмасын десеңізші. «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш ғұламаларымыз Жалалуддин Суюти/р.а/ 1445-1505ж,айтады; «Бір үйде немесе мешітте пайғамбарымызға/с.ғ.с./ мәуліт оқылса, сол үйдің немесе мешіттің адамдарын періштелер орап алады. Олардың барлығына Алланың рахметі болады. Себебі періштелер пайғамбарымызға/с.ғ.с/ мәуліт оқығаны үшін ол адамдарға салауат айтып тұрар»,-дегенін және Хасан әл –Басри/р.а/642-728/ айтады; «Менің Ухуд тауындай алтыным болса,оны Расулаланың/с.ғ.с/ мәулітін оқытуға жаратқан болар едім»,-дегенін жеткізді.
Мәуліт мерекесіне арналған салтанатты кешке келген кент тұрғындарына «Пайғамбарымыздың/с.ғ.с/ соңғы құтпасы»турасында бине таспа көрсетіп,викторина ұйымдастырып,кент ақсақалдары , «Тұрғызба»мешітінің имамы Қаражанов Саламат Сайынұлы « Баршаңызды Мұхаммед Пайғамбар/с.ғ.с/-дың дүниеге келген қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтаймын,әрдайым халқымыз аман,еліміз тыныш болсын !»- деген тілектерін білдірді.
«Қапан қажы» мешітінің бас имамы Ж.Ыбыраш және «Жылыой мұсылмандары» мешітінің ұстазы А.Ыбырашев жиналған халыққа «Мәуліт» оқып, осы шараға белсене араласқан жамағаттарға «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінің имамы А.Сарсекеев рахметін айтып,ҚМДБ –ның тарапынан басылып шыққан кітапты тегін тарту етті.