Мешітте дастархан жайылды

"Қапан қажы" мешітінде апталық тәтті шәй дастархан басында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедтің өмірі, оның жанына ерген жас сахабалардың болмысы туралы айтылды. «Айшадан (р.а) төмендегі оқиға риуаят етіледі: «Пайғамбар өзі бір амалды жасап, оны өзгелерге істеуге рұқсат береді. Бір топ сахаба оның берген рұқсатын пайдаланғысы келмейді. Мұны естіген Пайғамбар хұтпа оқып, Алла Тағалаға мақтау айтып: «Бір топ адамға не болған, менің ісімнен бас тартатындай не көрінді оларға?! Алла атымен ант етемін, расында мен Алланы олардан да жақсы танимын. Әрі оларға қарағанда, Алладан қатты қорқамын», – деді (Бұхари, Муслим). Шын мәнінде ешбір мұсылман пенде Пайғамбардан артық тақуа болып, Аллаға жақын бола алмайды. Сондықтан, Алла Тағаланы шынайы тану немесе одан шынайы түрде қорқу Алла Елшісінің тәлімі мен үйреткен жолымен ғана болады» дейді мешіт имамы Жамбыл Демеуұлы.