Бас имам Махамбет ауданында қайырымдылық акциясын өткізді

Қайырымдылық акциясы Махамбет ауданында да жалғасты.
Бұл күні қамқорлықты қажет ететін елу отбасына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы азық-түлік пакеттерін өз қолымен табыс етті.
Қасиетті Мәуліт айының құрметіне өткен бұл шара – адамзатты ізгілікке үндейтін бағдаршам іспетті.
«Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі — рухани-экономикалық жағы, басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау, ал екінші қыры-іс-тәжірибелік жағы, іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу. Біз осындай ізгі шаралар арқылы, қоғамды жақсылық жолында бірігуге үндеуіміз керек» дейді Бас имам.
Еске сала кетелік, қайырымдылық акциясы орталық мешіттің ұйымдастыруымен өткелі отырған "Мәуліт" рухани кешінің билеттер сатылымынан түскен қаражат есебінен ұйымдастырылды.