Бас имам Нұр-Мүбәрак египет-ислам университетінде білім алып жатқан атыраулық шәкірттермен кездесті

Атырау облысының Бас имамы АлтынбекҰтысханұлы Алматы қаласына сапары аясында Нұр-Мүбәрак египет-ислам университетінде білім алып жатқан атыраулық шәкірттермен кездесті.
Кездесу аясында өзін студенттерге таныстырған ұстаз шәкірттердің сауалдарына жауап берді. Және болашақ жас мамандарды алдағы уақытта жергілікті жерге жұмысқа тарту мәселесі де көтерілді.
«Кездесуде елдегі, Атыраудағы діни ахуал мәселесі талқыланды. Қазіргі уақытта қоғамды діни ағарту мәселесі өткір тұр. Біздің мақсатымыз – аймақтарды, ауылдық жерлерді білікті мамандармен толықтырып, жас буынға оң бағыт көрсету» деп атап өтті өз сөзінде Атырау облысының Бас имамы АлтынбекҰтысханұлы.
Еске сала кетелік, бұған дейін Алматыда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған имамдар Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың алдында есеп берген еді.