"Қапан қажы" мешітінде«Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы тәмамдалып Құран,салауат бағышталды.

"Қапан қажы" мешітінде«Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы тәмамдалып Құран,салауат бағышталды.

Барша мұсылманның жүрек төрінен орын алған сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) туған айын ерекше құрметпен қарсы алу игі дәстүрімізге айналғаны белгілі. Осы айдың құрметіне «Қапан қажы» мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti.kz сайты «Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» атты тың жобаны іске қосқанбыз.
Пайғамбарымыз (ﷺ): «Салауатты көп айтқан адам Қиямет күнінде маған ең жақын адам болады» деген. Сондықтан  барша қазақ болып бірауыздан, бір мезгілде салауат айту арқылы Алланың мейіріміне, Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүйіспеншілігіне бөленуге шақырып отырық. Бұл амал салауат айтуға атсалысқан әр адам сауапты амалға тамшыдай үлес қосса деген ниеттен туындап еді. Атсалысқан барша ауыл тұрғындарына,жамағатқа ризашылығымды білдіремін.
Оқимын деп ниеттенген адамдарға 10-желтоқсанға дейін бітіру шарт еді.Міне Алланың қалауымен бітіріп Қасиетті Құран,Салауат бағышталды.