



Мешіттерде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру – Қазақстан мұсылмандыры діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жыл басында еліміз мешіттеріне белгілеп берген басым бағыттардың бірі. Сонымен қатар Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнаулы тапсырмасының маңызды мазмұны болып саналады.
Бас мүфтидің тапсырмасы аясында, Пайғамбарымыз Мұхаммед/с.ғ.с/ туылған «Мәуліт» айына орай, «Жылыой мұсылмандары орталық» мешітінің Бас имамы А.Исаевтың ұйымдастыруымен , мешіт ұжымы мүмкіндігі шектеулі 100 отбасыларына азық-түлік таратып, қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция Жылыой өңіріндегі әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар мен жалғыз басты аналар, т.б мұқтаж адамдарды қамтылып жүр.
Пайғамбарымыздың (а.ғ.с) бір хадисінде «Көршісі аш бола тұра өзі тоқ болған адам бізден емес» деп қайырымдылық жасауды бізге өнеге қылып кеткен.
«Қапан қажы»
мешіттің баспасөз қызметі ,