Тумалық қарым-қатынас





Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы"Шаңырақ"асханасында Таз Жастабан Ербосынов Жылқыбай ағамыз тумаларымызға арнап көңіл шай садақа дастарханын жайды. Халқымыз айтады «Қайғы бөліссе азаяды» деп азалы адамдардың қайғысына ортақтасып,көңіл айтып, жұбатып келген. Бұл үрдіс ұрпақ санасына берік орнап,күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Халқымыз көңіл айтуға да ерекше маңыз беріп, оны шешендік сөздермен көмкеріп,адамның жүрегіне жұбату етіп, шебер жеткізе білген. Қазақ халқы бірлікшіл,туысшыл болғандықтан ағайын арасындағы қайғылы жайларда ешқашан бейтарап қалмаған.Асыл дініміз исламда да көңіл айту әбестік емес деп көрсетілген.Бақилық болған адамдардың жақындарына «иманы саламат болсын»,«артта қалғандарға өмір берсін», «топырағы торқа болсын», «алдынан жарылқасын, «арты қайырлы болсын» деген сияқты сөздер айту шариғатқа қайшы емес. Бұл қаралы жандарды сабырға шақыру, Алланың жазғанына көну, болып табылады.Жұбатуға байланысты мысалдарды Ардақты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен де көптеп кездестіруге болады.Бірде қызының ұлы өлім үстінде жатыр деген хабарды естігенде Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қызыма айтып бар!Алғаны да, бергені де Оныкі(Алланікі)! Ешнәрсе мәңгі емес, әр нәрсенің уақыты шектеулі. Сондықтан айт,сабыр етсін, Алланың жазғанына көнсін» – деп басу айтса керек. Хадистерде қиыншылықтарға тап болған адамды жұбату керек.Бір хадис шәрифте былай делінген: «Баласы қайтыс болған адамды жұбатқан кісіге жәннат шапаны беріледі. Қиыншылыққа ұшыраған адамды жұбатқан кісі оның сауабындай сауап алады» (Тирмизи) делінген. «Мұсылманның мұсылманда бес ақысы бар: Сәлеміне жауап беру,ауырған кезде көңіл сұрап бару, жаназасына бару, қонаққа шақырған кезде бару, түшкіріп “әлхамдулиллаһ” деген кезінде “йәрхамукаллаһ” деу» (Мүслим).Қазақ халқының тағылымға толы салт-санасын зерделесек, барлығы да дініміз Исламмен үндескен, тәрбиелік,тағылымдық маңызға толы болып келеді.Нұрмұхаммет ағамыз, келген ағайын тумалар Жылқыбай ағамызға ризашылығын білдірді және "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш Құран оқып сауабын марқұмдарға бағыштады. Бұл халқымыздың парасат биіктігінің деңгейі болса керек.