Тәуелсіздік күні садақа берілді

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Есей" мейрамханасында жастардың ұйымдастыруымен садақа берілді.Алғаш болып сөз алған ауылымыздың белгілі ақыны Бөкенов Дүйсенбек жастарға ғибрат болар тартымды өлеңдерін оқыды. Қадірлі алаш жұрты аңсаған, Егемен елдің ұландарының, Ата-бабаларымыздың арманы орындалған тәуелсіз ел болып, туымызды желбіреткен, мен қазақпын бойымдағы қан қазақ деп әлемге танытқан ұлық та, қастерлі күніміз тәуелсіздік күні құтты болсын. Бұл күнге жете алмай жүрген қаншама ұлттар бар. Алла бізге осындай кең байтақ ұлан ғайыр елді өр рухты бабаларымыздың төгілген қанымен нәсіп етті. Тәуелсіздігімізді ардақтайық ағайын.Ауыл ақсақалдары тілектерін айтып Егеменді елімізге тыныштық, береке, ауызбіршілік тілеп баталарын берді. "Қапан қажы"мешітінің имамы Ж. Ыбыраш марқұмдарға Құран бағыштады.