Досмағанбетов Дүйсен Ержанұлына /1934-2014/ арнап садақа берді







Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы"Мешіт"асханасында Таз Жастабан Досмағанбетов Дүйсен Ержанұлына /1934-2014/, зайыбы Шәтенова Ақкенже Шәтенқызы және балдары Берік,Айтжан,Серік,Гүлжан,Ғалымжан,Шара,Бақытгүл,Бақытжан, тумаларымызға арнап көңіл шай садақа дастарханын жайды. Халқымы айтады «Қайғы бөліссе азаяды» деп азалы адамдардың қайғысына ортақтасып,көңіл айтып, жұбатып келген. Бұл үрдіс ұрпақ санасына берік орнап,күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Халқымыз көңіл айтуға да ерекше маңыз беріп, оны шешендік сөздермен көмкеріп,адамның жүрегіне жұбату етіп, шебер жеткізе білген. Қазақ халқы бірлікшіл,туысшыл болғандықтан ағайын арасындағы қайғылы жайларда ешқашан бейтарап қалмаған.Асыл дініміз исламда да көңіл айту әбестік емес деп көрсетілген.Бақилық болған адамдардың жақындарына «иманы саламат болсын»,«артта қалғандарға өмір берсін», «топырағы торқа болсын», «алдынан жарылқасын, «арты қайырлы болсын» деген сияқты сөздер айту шариғатқа қайшы емес. Бұл қаралы жандарды сабырға шақыру, Алланың жазғанына көну, болып табылады.Жұбатуға байланысты мысалдарды Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен де көптеп кездестіруге болады.Бірде қызының ұлы өлім үстінде жатыр деген хабарды естігенде Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қызыма айтып бар!Алғаны да, бергені де Оныкі(Алланікі)! Ешнәрсе мәңгі емес, әр нәрсенің уақыты шектеулі. Сондықтан айт,сабыр етсін, Алланың жазғанына көнсін» – деп басу айтса керек. 
Қазақ халқының тағылымға толы салт-санасын зерделесек, барлығы да дініміз Исламмен үндескен, тәрбиелік,тағылымдық маңызға толы болып келеді.Нұрмұхаммет,Жылқыбай ағамыз, келген ағайын тумалар  Ақкенже және балдарына ризашылығын білдірді және "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш Құран оқып сауабын марқұмдарға бағыштады.