"СУИЦИД-АУЫР КҮНƏ"

Атырау өңірі, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Қапан қажы бас имамы Жамбыл Демеуұлы мешіт жамағаты жəне ауыл тұрғындарымен ауылда орын алып жатқан суицид жайлы уағыз-насихат жүргізді.
Кісінің өзін-өзі өлтіруі – Алланың кешірім, мейірімінен, рақымынан қол үздіреді. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мүмін арам қанға былғанбайынша (малынбайынша), дінінде кеңдік ішінде», – деп, өзінің немесе өзгенің қанын төкпеген адам ақыр бір Алланың рахымына бөленуі мүмкін екендігін білдірген. Ал өзін немесе өзгені өлтіруші кісі осы кеңдіктен құр қалады. Бұл айтылғандар адамның ақыл-есі мен ішкі ұжданының өзі кісі өліміне қарсы екендігін білдіретін деректер. Алла тағала бұдан үлкен ескертуді қасиетті Құран кәрімнің төмендегі аятында келтірген: «...өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят).
Тәпсірші ғалымдар Жаратушы Раббымыздың «өздеріңді өлтірмеңдер» деген тыйымында бірнеше мағына бар екендігін айтады. Ең әуелгі тура мағынасы адамның өзіне-өзі қол жұмсауына, қазіргі заманның тілімен айтқанда «суицидке» тыйым салу. Сондай-ақ, «өздеріңді өздерің» деген сөздің астарында «бір адам екінші адамды өлтірмесін, өйткені олар екеуі де адам» деген мән жатыр. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Мүміндер – бір жан (адам) секілді» деген хадисінен де осы мағынаны аңғарамыз.