Түркістан: Құран жарысы өтті

12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтойға орай Түркістан облысы бойынша аудандық мешіттердің ұйымдастыруымен 30 жарыс өткізу ұйғарылды. Алғашқы Құран жарысы Келес ауданында өтті.
Оған Сарыағаш, Келес, Жетісай аудандарынан 6-12 жас аралығында 50 шақты шәкірт қатысып, Құранның жарты, бір және үш парасын жатқа оқып, сайысқа түсті. Жүлде қоры қомақты болды. Сауапты сайысқа дін жанашырлары – жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады. Үш номинация бойынша 9 жеңімпаз іркіліп шықты. Бірінші орынға 100 000 теңгеден берілді.