Белес

Бүгін, 2020 жылдың 12 қаңтары - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл! 

Тұңғыш мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы ақсақалдың кезіндегі уақытты «алғашқы сауат ашу кезеңі» деп атар едік.

Ғылыми саладан діни қызметке ауысқан Әбсаттар қажы Дербісәлі Бас мүфти болған жылдар «ағарту кезеңі» болды.

Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти болған жылдары мүфтият «өрлеу кезеңіне» қадам басты. 

ҚМДБ тізгінін қолға алған Серікбай қажы Ораздың бүгінгі кезеңі жаңа замандағы "жауапты кезең".

Құрылғанына ширек ғасырдан асқан мүфтият 30 жылдық белесті бағындырып, ел мұсылмандарының қарашаңырағына айналды. 

Осынау мерейтой аясында 30 мешітке ел игілігі жолында қызмет еткен тұлғалардың есімін беруді, 30 елді-мекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесіне оң ықпал етуді, 30 отбасыға қайырымдылық жасауды, 30 студентке грант тағайындауды, 30 мешітке күрделі жөндеу жүргізуді, т.б. игі іс-шараны қолға алып отырмыз. Алла жар болсын!