Құран оқуда жалқаулық танытсаң,есіңде сақта!




Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінде жұма күні жамағатпен алтыншы Құран Кәрім хатымы жасалды. 
Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран-соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, ханиф (тура) діннің үні әрі Ислам шариғатының ата заңы. Құран оқыған адамның бүкіл болмысымен өзгергенін байқайсың. Ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң оның рухани тазарғанын, жүріс-тұрысының өзгергенін көресің. Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабаларының бірі Узайр бин Ғусайд Құранды ұнамды, жақсы бір мақаммен оқитын еді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) ол кісіні: «Мына Ғусайд  Құранды қандай жақсы оқиды», – деп мақтады. Ғусайд өзінің  естелігінде: «Бір күні түнде «Бақара» сүресін оқып отырғанымда, атым жанымда байлаулы тұрған еді. Құранның даусын естіп атым оқырынып жер тарпи бастады. Оқығанынымды тоқтата қойдым. Атым да тынышталды. Қайта оқи бастап едім, атым орнынан тарпи бастады. Үшінші мәрте оқи бастағанымда, атым тағы да мазасыздана бастады. Ұлым Яхия аттың жанында ұйықтап жатқан, басып кетпесін деп баламды алып кейін жатқызып қойдым. Басымды көтеріп аспанға қарағанымда ақ бұлттың көлеңкесіне ұқсайтын бір тұманның ішінде шырақ сияқты көптеген нәрселердің жарқырап тұрғанын көрдім. Ақ бұлт жарқыраған күйінде көкке көтеріліп көрінбей кетті. Таңертең Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқанымда: «Ей, Ғұсайд, оқы. Ей, Ғұсайд, оқы», – деген сөзінен Құранды оқу керек екенін білдім. «Иә, Расулалла! Яхия ұлым аттың аяғының астына жақын жатқандықтан басып кетеме деп қорқып Құран оқығанымды тоқтатып едім», – дегенімде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ей, Ғұсайд! Сенің көргенің періштелер болатын. Оқыған Құраныңды естіп келді. Сол қалпы оқи бергеніңде, таңға дейін тыңдайтын еді. Көпшілік көзінен жасырынбайтын еді», – деді. «Қапан қажы» мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti.kz сайтына және Инстаграмдағы парақшаға Islam_kulsari.kz Құранның хатымы бейне таспаға жазылып, суретке түсіріп жариялап отырамыз. "Қапан қажы" мешітінде Құраннан,тәджуид сабақтары жүріп жатыр, Бесін, Құптан намазынан кейін "Ислам Тарихы  және Мұхаммед(с. ғ. с) өмірі" кітәбынан  дәріс жүруде. Мешітке келіп Құран үйреніңдер.Құран хатым оқыған барша жамағаттарына және Жұмалы Ашықбайұлы ағамазға,Аян інімізге мешіт имамы Ж. Ыбыраш ризашылығын білдіріп,жамағат атынан сыйлық табыстап, батасын берді.Құран оқуда жалқаулық танытсаң,есіңде сақта!  Құранның әрбір әрпіне 10 сауап;Бір бетін оқығанға 5000 сауап;Бір пара оқығанға 100 000 сауап;Құранды толық хатым етсе, 3000 000 сауап беріледі.
"Алла қалаған пендесіне еселеп сауап жазады" (Құран кәрім, Бақара сүресі, 261-аят).