Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы

ҚМДБ-ның Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы»  мешіті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 2020 жылдың 20 қаңтары мен 1 мамыры аралығында Абай шығармаларын теологиялық сараптамалық талдау бағытындағы мақалаларға  байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты:
– Абай хакімнің Ислам әлеміндегі көрнекті ойшылдар қатарында тұрғанын, иләһи ілім бойынша қалдырған мұралары барша адамзатқа ортақ тұлға екенін көрсету;
– Мешіт қызметкерлері мен дінтанушыларды дін мен дәстүр сабақтастығы аясында тың ізденістерге шақырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізуге ынталандыру.
– Ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бабалар дүниетанымына, ұстанымына сай, қазақы сипаттағы ислами мектеп бағытын қалыптастыру, дамыту.
– Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдар жазып жүрген дін қызметкерлерін қолдау.
Байқау шарттары:
*Материалдар компъютерде, қаріп түрі «Times New Roman», 12 шрифтімен теріліп, 1,5 интервалда, А4 форматымен 3-5 бет шамасында болуы тиіс.
*Шоқпартоғай ауылының тұрғындары,мешіт жамағаттары ғана қатыса алады. Байқау мемлекеттік тілде өтеді.
Қойылатын басты талап:
Тақырып аясы шектеулі. Ұсынылатын материалдарда Абайдың белгілі бір діни өлеңі немесе бір қара сөзі басты нысана ретінде алынып, шариғи тұрғыда талдануы тиіс. Яғни, Ислам әлемінің көрнекті ойшыл-ғұламаларының пікірлерімен салыстыра отырып түсіндірілуі қажет. Осы арқылы Абай руханиятының ішкі мәні кеңінен көрсетілуі керек. Бұл ретте әлемдік деңгейдегі ислами классикалық кітаптар авторлары (Мысалы, хазіреті Иассауи, ибн Құдама, имам Ғазали т.с.с.) тұжырымдарынан мәтіндер келтіріп,  ұштастыру міндетті.
Мақалада автордың жеке ой-пікірі емес, ғұламалардың рухани үндестігі көрсетілуі тиіс.
Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру алқасыныңZhambyl.ybrash.69@mail.ru  электронды поштасына (байланыс тел.: + 7 701 374 19 63) қосымша мынадай материалдар жіберуі тиіс:
1) Автор туралы мағлұмат /туған жері, күні, айы, жылы, қызмет орны;
2) Электронды адресі, байланыс телефоны;
Автор 1  материал ұсына алады;
Байқау кезеңдері:
  1. Байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау (20 қаңтардан 1 мамырға дейін);
  2. Материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау (1 мамыр – 1 маусым аралығы);
  3. Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау алдын ала хабарланатын болады.
Жеңімпаздарды 3 немесе 5 адамнан тұратын қазылар алқасы,мұғәлімдер, дінтанушы тейологтар сараптай отырып таңдайды.
Іріктеу кезеңінде мақаладағы стилистикалық сауаттылық, интеллектуалдық деңгей, байқау талабынан ауытқымау, эмоциялық әсер ескеріледі.
Жүлде қоры:
Бас жүлдеге үш орын беріледі. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар есебінен Құлсары қаласына, «Абай әлеміне саяхат» жобасы аясында  (Музей, Дүйсеке ата, Ақ мешіт…т.б.) тарихи-мәдени нысандарын аралап, Бағалы сыйлықтар алады.
Құрметті ауыл тұрғындары, шығармашылық байқауға ақпараттық,мателиальдық қолдау көрсетіп, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын қаламгерлерге таратуларыңызды сұраймыз.
Ұйымдастырушы:
Шоқпартоғай ауылы «Қапан қажы»  мешіті