"Жылыой мұсылмандары мешітінде" әйел жамағаты арасында Құран жарысы өтті





22 қаңтар, 2020 жыл.
«Құран рухтың қуаты». Осындай тақырыппен «Жылыой мұсылмандары мешітінде» әйел-қыздар жамағаты арасында Құран оқудан жарыс өтті. Рухани бәсекеге аймақтағы мешіттерден келген 30-дан аса шəкірт қатысып, бақ сынады.
- «Құран жарыс - шәкірттерімізді ынталандыру, қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Хадистерде: «Оқы және жоғарыла (төрлет), оқы, дүниеде қалай оқыған болсаң дәл солай оқы. Расында, сенің орның ең ақырғы оқылатын аятта»- деген. Яғни, бұл - Құран жаттаушы адамның дәрежесі жоғары екенін білдіреді» дейді Жылыой ауданының Бас имамы Арман Әділбекұлы.
Құран байқауына Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінен келген ұстаздар Нұргүл  Жолдаспаева, Әйгерім Оспанова төрелік жасап, әділ бағаларын берді.
Бағалау критерийлері бойынша, үздік танылған жеңімпаздар 30 мың теңге, 20 мың теңге және 10 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен марапатталды.Осы шараны ұйымдастыруға ұйтқы болған мешіт жамағаттарына және Арайлым,Гүлсім т.б апаларымызға мешіттің бас имамы А.Исаев батасын беріп, қатысушылардың барлығына Алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.