ҚҰБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕРКЕСІ

ҚҰБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕРКЕСІ
Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Алланың разылығы үшін құрбан шалу арқылы пенденің иманы күшейіп, тақуалығы артады. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған.
Осыған орай Атырау облысы,Жылой ауданы , Шоқпартоғай ауылындағы Қапан қажы мешітінде таңмен айт намазы оқылса, Мешіт алдында ұлық мерекеге арналған шара ұйымдастырылды. Шараға жиналған көпшілікке Қара арна ауылдық округінің әкімі Ерболат Елеусінов пен Қапан қажы мешітінің бас имам Жамбыл Ыбыраш құттықтау тілектерін жеткізді. Құрбан айт мерекесіне мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары мұрындық болып,шарада ұлттық спорт түрлері арқан тарту, қол күресі және кір тасын көтеруден сайыстар ұйымдастырылды.
Спорттық сайыстарда жоғары белсенділік танытып, жүлделі орын алғанғандарға естелік сйылықтар табыс етілді.
Шара соңында ауыл үлкендеріне және ауыл тұрғындарына арнайы шалынған құрбандық малдың етінен дәм татқызып, Риза болған ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналар ақ баталарын берді.