"Мен балама жастайынан Құран оқуды үйретіп кеткенмін"


Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінде жұма күні жамағатпен сегізінші Құран Кәрім хатымы жасалды. Қасиетті кітапты оқу – ең ұлы ғибадаттардың бірі және Аллаға жақындататын төте жол. Құранның бір кереметі сол – адам өміріне керектінің барлығын осы кітаптан табады. Құранда Адам атадан бастап келе жатқан адамзат тарихын, олардың әлеуметтік жағдайларын, өз ара қарым-қатынасымен табиғаттың үйлесімділігі барлығы дерлік қамтылған. Жаратылыстың дүниеге келгенге дейінгі, дүниеге келгеннен кейін оның тұрмыс-тіршілігі және ақыретке барғанда оқыған Құран өзіне де, өзгеге де сауабы тоқтаусыз барып тұратын жағдайын суреттеген. Демек ислам жолымен жүрудің ең дұрыс бағыты Құран сөзіне құрмет көрсету, жаттап алу болып табылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құранды жаттау, есту, назар салу, арқылы үйренуге болатынын айтқан. Құранның қасиеті жөнінде мына бір мысалдың  ұлағаты мол:«Баяғыда бір әулие кісі мазардың жанынан өтіп бара жатып, сол жерден шығып жатқан айқай-шудың куәсі болады. Жақындап барып қараса, ол жердегілердің сауапқа таласып жатқанын көреді. Анадай жерде көлеңкеде отырған бір кісінің жанына барады да: «Аналардың жанына барып өзіңіздің сауабыңызды неге талап етпейсіз, сізге сауаптың керегі жоқ па?»-деп, сұрайды. Әлгі кісі: «Мен балама жастайынан Құран оқуды үйретіп кеткенмін, сол балам бүгіндері базарда тіршілігін жасап, ет сатумен айналысады. Тіршілігін де жасайды, Құранын да оқып құлшылығын үзген емес. Сауабын бағыштауды ұмытпайды. Оның маған сауабы жетіп, жемісін қабірде де көріп жатырмын», – деген екен.«Қапан қажы» мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti.kz сайтына және Инстаграмдағы парақшаға Islam_kulsari.kz Құранның хатымы бейне таспаға жазылып, суретке түсіріп жариялап отырамыз. "Қапан қажы" мешітінде Құраннан,тәджуид сабақтары жүріп жатыр, Бесін, Құптан намазынан кейін "Ислам Тарихы  және Мұхаммед(с. ғ. с) өмірі" кітәбынан  дәріс жүруде. Мешітке келіп Құран үйреніңдер.Құран хатым оқыған барша жамағаттарына және  Құлымжан ағамазға, мешіт имамы Ж. Ыбыраш ризашылығын білдіріп,жамағат атынан сыйлық табыстап, батасын берді."Алла қалаған пендесіне еселеп сауап жазады" (Құран кәрім, Бақара сүресі, 261-аят).