Дін-ол адалдық

Кеше Жылыой аудандық «Жылыой Мұсылмандар» мешітінің бас имамы Арман Әділбекұлының ұйытқы болуымен, аталмыш мешітте кезекті айлық дастархан ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты жиналып уағыз тыңдады.
Берекелі шараға «Иманғали» орталық мешітінің найб имамы, ұстаз Ерболат Боқанов бауырымыз арнайы келіп, шам намазы мен құптан намазы аралығында «Діндегі адасушылықтың қатері» жайында уағызын жамағат ұйып тыңдады. Сонымен қатар Құптан намазынан соң мешіттің екінші залында дастархан жайылып, жамағат дастархан басына жайғасып, дәмнен ауыз тиіп, Ұстаздың «Дін-ол адалдық» жайында әсерлі өсиетін тыңдады. Жамағатты жалықтырмай, қызықты болуы үшін, мешіттің ұстазы Думан Мұратұлы сұрақ-жауап ұйымдастырып, дұрыс жауап берген жамағаттарға сыйлықтар үлестірді.
Осындай игі іс-шараға риза болған жамағат, уағыз тыңдап, риза болып тарқасты. Алдағы уақытта осындай игі шараларды тұрақты өткізіп тұруға шешім қабылданды.  
«Жылыой мұсылмандар»
мешітінің баспасөз қызметі