Аудан имамы «Қапан қажы» мешітінің жамағаты және ауыл тұрғындарымен кездесті

 


Атырау облысы ,Жылыой ауданы,Құлсары қаласындағы «Жылыой мұсылмандары» мешітінің
бас имамы Исаев Арман,найыб имам Ибайдуллаев Нұрбек,ұстаз Байымбетов Алмат,шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы»мешітінің жамағатымен кездесті.
"Мешіт - жер бетіне Алланы дәріптейтін мекен. Мешітке келген адам өзін өзгертуі керек. Сол арқылы, мешітке келген адамға қоғам қызыға қарайтын деңгейге жетуіміз керек. Ол үшін бізге амал, әрекетімізді, ниетімізді бақылауда ұстай білу маңызды. Яғни, көркем мінез, кішіпейілділік, қарапайымдылық пен инабаттылық мұсылманды кемел етіп тұрады" деді уағыз барысында «Жылыой мұсылмандары» мешітінің Бас имамы А.Исаев.  
«Адамгершілік құндылықтар және рухани тұрғыдан көрсетілген ұстанымдарды жастар бойына сіңіре білсе, отаншыл, білімді әрі әділ болып өсетіндегі, қазіргі таңда әр жас рухани кемел тұлға болып қалыптасса, еліміздің ертеңі де нұрлы болады»деді Нұрбек Махмутұлы.
Сонымен қатар рухани құндылықтарымызда көрсетілген Отанды сүю қағидаларына терең тоқталып, жастарға отаншылдықтың маңызы туралы Алмат ұстаз насихат айтты. Сондай ақ, ұстаз ел бірлігін сақтау, қоғамның тыныштығы, өзгені қадірлеу мәселелеріне байланысты кеңінен сұхбат  өрбітті.
«Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш келген қонақтарға ризашылығын білдіріп,жамағат атынан иықтарына шапан жапты.