Әлемнің сырлары Құран Кәрімде




Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінде жұма күні жамағатпен он үшінші Құран Кәрім хатымы жасалды. Қасиетті кітапты оқу – ең ұлы ғибадаттардың бірі және Аллаға жақындататын төте жол. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Жақсылық пен жамандық тең болмайды. Жамандықты жақсы ісіңмен жолға сал. Сонда ғана сенімен дұшпандығы бар қас адам, өзіңнің  сырлас досыңдай болып кетеді»,[9]– деген. Осы аяттардан адамның мінез-құлқы Алланың дінін үйрену арқылы жақсылыққа қарай өзгеретінін білеміз. Жаратушы иеміз әлемді көркем әрі үйлесімді жаратып, оған тыныштық орнатып, адам баласына бағындырып қойған. Бүгінгі ғылымның соңғы жетістіктерін пайдаланып зерттеп жүргендерге әлі де ашылмаған жұмбақ дүниелері көп бұл әлемнің сырлары Құран Кәрімде жатыр. Алла тағала осыдан 14 ғасыр бұрын азғындықтың шегіне жеткен, адами қасиеттерден жұрдай, елді тура жолға салу үшін жіберген пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) иман жолында үнемі ізгіліктің жаршысы болатын, насихатына құлақ салған кісінің жүрегіне тыныштық орнататын, бойына қуат, көңіліне демеу болатын және ғылым атаулыны қамтыған Құранды тарту етті.«Қапан қажы» мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti.kz сайтына және Инстаграмдағы парақшаға Islam_kulsari.kz Құранның хатымы бейне таспаға жазылып, суретке түсіріп жариялап отырамыз. "Қапан қажы" мешітінде Құраннан,мәбдәул-қираәт кітәбынан сабақтары жүріп жатыр, Бесін, Құптан намазынан кейін "Ислам Тарихы   кітәбынан  дәріс жүруде. Мешітке келіп Құран үйреніңдер.Құран хатым оқыған барша жамағаттарына және Даулетқазы ағаларымызға, мешіт имамы Ж. Ыбыраш ризашылығын білдірді."Алла қалаған пендесіне еселеп сауап жазады" (Құран кәрім, Бақара сүресі, 261-аят).